8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2024 34319 0
Жалын

Zhas Project жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін Қазақстанның 20 өңірінде «Zhas Project» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Жобаға NEET санатындағы 18-34 жас аралығындағы жастар қатыса алады.


«Zhas Project» жас қазақстандықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жобаға қатысушылар өз өңірлерінде жергілікті қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған үздік бастамаларды іске асыра алады. Олар сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыта алады, әлеуметтік және кәсіптік бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыларға ие болады, сонымен қоса бизнесті құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдауға ие болады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басшылығының мәліметінше, жоба жеңімпаздары әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын грант алады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 280 жобаны іске асыруға 280 миллион теңге бөлгенін атап өткен жөн.

Өтінімдерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың байланыс ақпараты мен өтінім қабылдайтын сайттары cisc.kz сайтының Zhas project бөлімінде орналасқан.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»