8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Наурыз 2024 2723 0
Мереке

Жыл басы күнін атап өтті

Бүгін,«Атамекен» өнер ордасының қасындағы алаңда Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын тамашалады.

Сәні мен салтанаты келіскен мерекеде облыс әкімі Нариман Төреғалиев ізгі тілегін жеткізді. – Құрметті жерлестер, қала тұрғындары! Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген бұл мейрам баршаға шаттық сыйлайды. Әз-Наурыз ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүрін айшықтайтын мереке,-деді өңір басшысы.

Наурыз мейрамы театрландырылған көрініспен басталды. Алдымен Наурыз керуенін түйеге отырған Қыдыр ата мен Ұмай ана бастап келіп, Қыдыр ата ақ батасын берді. Сондай-ақ екі авкөлікпен мекеме, ұйым өкілдері шерумен жүріп өтті.

Мереке алаңында әуезді ән айтылып, күмбірлеген күй ұлықталып, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер дәріптелді. Барлық тұрғындар қолөнершілердің көрмесін аралап, керемет көңіл күйге бөленді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Наурыз мейрамы туралы «Жайық үні» газетінің 13 санынан толықтай оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»