80 отбасы баспаналы болды
Наурыз мейрамында Орал қаласының Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. Айтулы шара Наурызнаманың Ынтымақ күнімен қатар келді.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы жиналғандардың барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Осы орайда, әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар маңызға ие. Бүгінде Орал қаласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 14 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал мемлекеттік бағдарлама аясында салынған көпқабатты тұрғын үйлер «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға жеңілдетілген пайыздық несиемен беріледі. Бүгін, міне осы бағдарлама арқылы кезекте тұрған 80 отбасы баспаналы болды. Бүгінгі жаңа пәтер иелерін баспаналы болуларымен құттықтаймын. Сондай-ақ, Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке әкелсін!» – деді аймақ басшысы.
Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы жүзеге асуда. Жаңа тұрғын үй құрылысы аталмыш жоба аясында жүзеге асырылды.
Баспаналы болғандардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ пәтер кезегінде тұрған жандар.
«Көп жыл кезекте тұрдық. Енді міне арманымыз орындалды. Мемлекетке ризамыз. Енді міне, Наурыз мейрамын жаңа пәтерде қарсы аламыз, қуанышымызда шек жоқ» – деді жаңа пәтер иесі Нұргүл Есеналиева.
Айта кету керек, Орал қаласында 2024 жылы 1400-ден астам пәтерді қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру