8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2024 2815 0
Мереке

Балаларға базарлық берілді

Наурыздың 20-сы күні,«Салтанат» сарайының мейрамханасында «Наурыз көктем, жыр-думан» атты тақырыпта қала мектептеріндегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларындағы балаларға арналған ертеңгілік өтті.

Шараның шымылдығы «Салтанат» би ансамблінің бишілер тобының орындауындағы «Шашу» биімен ашылды. Бұдан соң Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова құттықтау сөз сөйледі.

–  Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы, төгілмес тіршіліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жаңарудың бастауы. Наурыз мейрамы елімізге құт-береке әкелсін! Әз-Наурыз сіздерге оқуда толағай табыстар мен жетістіктерге толы жақсылықтарымен келсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң бақыт нұрын төксін!-деген жүрекжарды тілегімен бірге қала әкімі Миржан Сатқановтың атынан барлық оқушыларға тәттілер қоржынын табыстады.

Одан әрі Алдар көсе мен Қызғалдақ бейнесіндегі кейіпкерлер ортаға шығып, шараның шырайын келтірді. Ертеңгілікке келген балақайлармен ұлттық ойындар ойнап, Ұлық мерекеге орай викториналық сұрақтар қойып, барлық балалар белсенділік танытты.

Бұдан соң Алдар көсе ортаға Қазақстанның атын әлемге танытып, Дубай қаласында жүйрік атанған Кабирхан атты Тұлпарды шақырып, қатысушыларға таныстырды. Шарада домбыраның шанағынан күй ойнап, мың бұрала билеген бишілер барлығының көңілдерін серпілтіп, әуезді әнмен әрледі.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»