8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2024 2881 0
Қалалықтар қаперіне

Жайық жұртымен кездесті

Бүгін, наурыздың 14-і күні «Достық» үйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жайық жұртымен кездесті.

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз кезегін министрге ұсынды. Басқосуда сөйлеген министр Светлана Жақыпова аталмыш саладағы өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Президент тапсырмаларының жергілікті жерде іске асырылуы, зиянды жерде жұмыс жасайтын азаматтарға төлемдерді енгізу, ол үшін төрт бағыттағы шарттың заң жүзінде қаралуы.

Сондай-ақ міндетті түрде жеті жыл қызмет етіп, 55 жастан бастап тағайындалу көздері айтылды. Сонымен қатар өңіріміздегі «Зенит» зауытындағы үш азаматтың бүгінде төлем алатынын жеткізді. Бұдан бөлек базалық зейнетақының кезең-кезеңмен өсуі, ынтымақты зейнетақыны есептеуде ең жоғары табыстың артуы, әлеуметтік кодексті іске асыруда шарттардың күшеюі, өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, халықты әлеуметтік жағынан қолдау, еңбек саласын дамыту, жұмыспен қамту мәселесін талқылады.

Жиынның соңында тұрғындар тарапынан қрйылған сауалдарға нақты жауап берді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ. Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің №12 санынан толықтай оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»