8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2024 3404 0
Құттықтаймыз!

«Қайырымдылық керуені» – мейірім мекені

Бүгін, наурыздың 1-і Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясында Алғыс айту күніне орай «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында «Қоржын» қайырымдылық көрсету акциясы өтті.


Аталмыш акцияның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, барша жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. – Бұл күн – сан сынақтан өткен халқымыздың ынтымағы мен бірлігін айғақтайтын, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Ауызбіршілігіміз жарасып, ізгі амалдарымызбен ел алғысына бөленіп жүрейік!-деді.

ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы Мұхтар Құлжан: – Осы мерекеде туған елдің көркеюіне атсалысып жүрген баршаңызға мың алғыс айтамын. Жерлестеріңізге жанашырлық танытып, мұқтаж жандарға көрсеткен көмегі үшін кәсіпкерлерге, ұйымдарға шексіз алғысымды білдіремін. Аталмыш акцияға атсалысқан азаматтарға, еріктілер тобына ризашылығым мол. Осындай акция жалғасын таба берсін!-деп ыстық ықыласын жолдады.

Бұдан соң «Қайырымдылық керуені» 500 отбасының үйіне, Теректі, Бөрлі аудандарына жол тартты. Акциядан соң барлық жиналған қауым этно-мәдени орталықтардың концертін тамашалады.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің №10 санынан толықтай оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»