МЕРЕКЕГЕ КЕЛІҢІЗДЕР!!!
Құрметті Орал қаласы тұрғындары мен қонақтары!
Орал қаласы әкімдігі баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алаңында және Абай алаңында 31 желтоқсан күні сағат 20:00-де өтетін мерекелік Жаңа жылдық бағдарламасына шақырады.
Мерекеде облыстық және қалалық мәдениет мекемелерінің әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік жəне ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады. Ойындар, байқаулар, викториналар, Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлері сіздерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Жаңа жылдық отшашу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алаңында сағат 23:00-де болады!
Версия для печати
Пікір үстеу