8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Ақпан 2024 3012 0
Қалалықтар қаперіне

Салық мөлшерлемесі 3 %-ға дейін төмендетілді

Орал қалалық мәслихатының 9-шы кезекті сессиясы өтті. Депутаттар қаланың дамуы мен оның тұрғындарының әл-ауқатына қатысты бірқатар маңызды шешімдерді талқылады.


Негізгі шешімдердің бірі қала аумағында жұмыс істейтін барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4%
– дан 3% – ға дейін төмендету болды. Бұл ұсынысты «AMANAT»партиясы фракциясының депутаттары қаланың экономикалық әлеуетін, инвестициялық тартымдылығын және әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін қалалық бюджет комиссиясының отырысында ұсынған еді. Бүгінде аталмыш мәселе қалалық мәслихаттың кезекті сессия отырысында көтерілуде.

Бөлшек салық-бұл жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың, сондай-ақ басқа да арнайы салық режимдерін қолданбайтын жеке кәсіпкерлердің тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстарына қолданылатын арнайы салық режимі. Бөлшек салық ставкасының мөлшері Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бөлшек салықтың арнайы салық режиміне қатысты салық заңнамасына түзетулер енгізілді, бұл жергілікті өкілді органдарға төлемнің базалық мөлшерлемесін 50%– ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Енгізілген өзгерістер арқылы жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жыл ішінде 2,070 млрд теңгеден (600 мың АЕК) аспайтын кәсіпкерлер арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл арнайы режим 190 қызмет түріне жатады, олардың ішінде бөлшек сауда. Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығына мәслихаттар ие болды.

Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, жыл соңына дейін іске асатын болады. Бұл шара салық базасын кеңейту және көлеңкелі экономиканы азайту есебінен қала бюджетінің кірістерін 10-15% – ға ұлғайтуға әкеледі деп күтілуде.

«Бөлшек салықтың артықшылығы оның шағын бизнес үшін тиімді төмен бірыңғай мөлшерлемесінде. Кәсіпкерлерге ҚҚС бойынша есепке тұрудың қажеті жоқ. Бұл шара бизнесті жүргізуді жеңілдетеді, ең бастысы бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Облыста қызмет түрлеріне сүйене отырып, 21 мыңнан астам кәсіпкер осы арнайы режимнің қолданысына жатады», – деді Орал қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрам Хайров.


«Біз бұл мәселе
ні «AMANAT» партиясының фракция мүшелері ретінде бірнеше рет көтеріп, тұрақты комиссия отырыстарында айтып жүрміз. Біз  бизнес үшін, қаламыздың өсіп-өркендеуі, салықтық түсімдердің ұлғаюы үшін әрекет еттік. Бұл қаламыздың әл-ауқаты мен әлеуметтік маңыздылығына әсер етеді», – деп атап өтті Орал қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бауыржан Мұхамбетжанов.

Мәслихат депутаттарының айтуынша, салық жүктемесін төмендету кәсіпкерлерге қаражатты үнемдеуге, сату көлемін ұлғайтуға, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бөлшек салық ставкасының төмендеуі салық базасының кеңеюіне және көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал етеді, бұл қала бюджетінің кірісіне оң әсер етеді.

«Бөлшек салық – бизнесімізге жеңілдік. Бұл шара бізге бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын сақтауға, қала бюджетін толықтыруға мүмкіндік береді. Инфляция, ақша массасының ұлғаюы кезеңінде қосымша шығындар тұтынушылардың мойнына түседі. Бір жолы бар – бөлшек салыққа көшу. Бүгін керемет жаңалық айтылды, біз бағаны оңтайландыра аламыз, шығыстарымыз табыстан асып кетеді деп қорықпаймыз», – деп бөлісті кәсіпкер Нұргүл Ашикова.

Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай Қалиев бөлшек салықты төмендету туралы шешімді бизнес-қоғамдастық та, қала тұрғындары да оң қабылдайтынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ депутаттарға белсенді ұстанымы және осы бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
81 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
297 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
784 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1160 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1521 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2137 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2304 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2309 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2359 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2363 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2003 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2845 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2899 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2896 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3502 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3474 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3462 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3440 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3602 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3647 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»