8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2024 3162 0
Білім

Колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы да өседі

Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылдың қыркүйегінде 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50% өсетінін мәлімдеді.


«Колледж студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», – деді Техникалық және кәсіптік білім бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

Бұған дейін 2021 жылдан бастап Қазақстанда стипендия мөлшері бакалавриат үшін 20%, магистратура және докторантура үшін 15% артып келе жатқанын жазған едік.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»