8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2024 2943 0
Қалалықтар қаперіне

Синтетикалық есірткі заттарын жасырған

 

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Тосқауыл» жедел – профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі заттарын жасырумен айналысқан кепілгерлерді ұстады.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша бөлініс қызметкерлері Орал қаласында 1993 жылы туған қала тұрғынын қолға түсірді. Оны тексеру кезінде 21 ZIP-пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, Орал қ. ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 37 жасар қала тұрғынын ұстап, оны тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 46 ZIP-пакетті тапты. Ал есірткі затын салу орны мен тұрғылықты жерінен 7 ZIP-пакет табылды.

Сондай-ақ, Бөрлі ауданы Ақсай қаласында полиция қызметкерлері есірткі затын жасырумен айналысатын тағы бір тұлғаны ұстады. Одан ұнтақ тектес зат салынған 18 ZIP-пакет тәркіленсе, ал жасыру орнынан 6 ZIP-пакет табылды. Барлық тәркіленген заттар синтетикалық есірткі заттары пировалерон, мефедрон және пировалерон синтетикалық есірткіге ұқсас заты екені анықталды.

Аталған синтетикалық заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

«Тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесі бойынша БҚО Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі қылмысының заңсыз айналымы бойынша 13 қылмыс анықтап, 75 грамм есірткі тәркіледі. Оның ішінде 65,78 грамм синтетикалық есірткі және 9,22 грамм марихуанна.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»