8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2024 2542 0
Құттықтаймыз!

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толды.


Ол жарты ғасырға жуық ғұмырында 1000-нан астам өлең, «Ильич», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы» деген поэмалар жазды. «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері мен «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жарыққа шығарды. Аударма салында да бақ сынап, Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» деген бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін аударды.

Ей, өмір!

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған, аласым да.

Мені тастап, толқындар, ағасың ба?

Толқынданып, өмірім, барасың ба?

Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба, өмірім, қиындаған?

Сыйын маған,

Ей, өмір, сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған…

Ақиық өмірден өз сыйын алды деп ойлаймыз. Оның артында қалған мұрасы – атын мәңгі жаңғыртып отырмақ.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»