8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2024 2715 0
Қалалықтар қаперіне

24 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

Қазақстанда жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. 

Телерадио хабарларын таратуды үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету мақсатында оператор спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізетіні атап өтілген.

«Осыған байланысты  24 қаңтарда сағат 03:00-17:00 (Астана уақыты бойынша) аралығында телерадио хабарларын таратуды тоқтатумен профилактикалық жұмыс жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша ыңғайсыздық орын алғаны үшін кешірім сұраймыз.», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, соңғы рет Қазақстан бойынша профилактикалық жұмыс үшін теледидар мен радио 2023 жылдың 23 желтоқсанында өшірілген болатын.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
353 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»