ЖҮЙЕЛІ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бүгінгі таңда адамзаттың жоғары индустриалды және ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты өркениеттің бет-бейнесі тұтастай өзгеруде. Елдің өркендеуі мен қарыштап дамылсыз дамуы білім беру жүйесін жаңғыртуды, оқушының қызығушылығын арттыра отырып сабақ беру әдісі мен сабақтың құрылымын жаңартуды талап етеді.

Қазіргі жас буынды байқасаңыз шығармашыл, белсенділігі жоғары, жауапты. Жақсы дамыған интеллект иесі атанып, жоғары білімді, кәсіби сауатты болғанды қалайды. Жан-жақты даму мақсатында кітапханадан шықпай ізденеді, ғаламтордан бірнеше құнарлы жадығаттарды алып оқиды. Өзім барлық салада өздігінен білім алуға құштар жастардың іс-әрекетін қолдаймын. Негізінде өзің құштарланып, еңбектеніп алған білім ғана баянды да бағалы болады. Қадірін түсінесің. Білім алу мен ізденісті ішкі дүниеміз бен рухымыздың қанағатсыздығы деп түсінемін. Әрине, білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті болады. Жалпы, білім мен өнер, ғылым мен мәдениет болашағымыздың самаладай жарқын кепілі, келісті болашаққа біліміміз жоғары болғанда ғана жетеміз. 2017 жылдың ақпан айында Орал қаласында «BILIM» оқу орталығы өз жұмысын бастаған-ды. Аталмыш орталықтың басты мақсаты – ХХІ ғасыр талабына сәйкес таңдалған мамандықтар бойынша білімге құмар, білуге құмарларға дұрыс бағдар беру, Ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі дайындық жүргізу, тесттан дұрыс жауапты тез табуға үйрету, оқушымен үзбей байланыс жасау және оның білімге қатысты талап-тілегін орындау болып табылды. Орталықта облысымызға танымал, кәсіби шеберлігі шыңдалған, өзге мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасуға ынталы, таңдаулы мұғалімдер еңбек етуде. Оқушылардың сұранысына ие өз ісінің майталманы атанған, пәнінің жілігін шағып, майын ішетін жоғары білікті мамандармен толықтырып келеміз. «Шәкірт шәкірт емес өз ұстазын сүймесе, ұстаз ұстаз емес шәкірт үшін күймесе» демекші, әр оқушы, әр саналы шәкірт біз үшін маңызды. Оқушы білім аламын деп құшағын ашып, біздің орталыққа қарай ұмтылса, олардың жанашыр ата-аналары да бейқам қалмай отыр. Ата-аналардың толассыз сұраныстары бойынша орталықта жиі-жиі бір айлық және бір апталық жедел курстар ұйымдастырылып тұрады. Жедел курстардың үзілмеуін өтінген ата-аналар қатары толастар емес. Курстарға облысымыздың шалғай аудандарынан, алыс ауылдарынан өрімдей ұл-қыздар жиналып келеді. Курста білім алу барысында оқушыға терең ізденіспен білім беріліп, әрқайсысымен жеке жұмыстануға мол мүмкіндік бар. Осындай жайлылықты көріп, көзайым болған оқушылардың қайта келуге асық болатыны жасырын емес. Каникул кездерінде хабарласып, өтініш жасайтындар қатары көп-ақ. Себебі, курста көп мәлімет аз уақыттың ішінде тиянақты, жинақы, нақты түсіндіріледі, байқау сынақтарын тапсырғанда да қиындықтар аз кездеседі. Әр оқушының көзіндегі білуге деген талпыныстан туындаған отты көрмеу мүмкін емес. Бір қарағанда орталықтың ашылғанына аз уақыт болды. Санаулы мерзім ішінде көптің көңілінен шығып, қалаулы орталыққа айналған білім ошағының өміршең болатынына кәміл сенемін. Аз уақыттың ішінде бұл оқу орталығы өз биіктігін дәлелдеді. 2017-2018 оқу жылының қорытындысында ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша жоғары балл жинаған оқушылардың бірі – осы орталықтың алғашқы түлегі Анджелика Степанюк еді. А.Степанюк қала әкімі Мұрат Мұқаевтың қабылдауында болып, үлкен құрметке ие болды. Бұл көрініс біздің орталықтың дұрыс бағытта жұмыс жасап жатқанының дәлелі іспетті.
Оқу орталығында ҰБТ-ға қажетті барлық пәндерден дайындық жүргізіледі. Сонымен қатар 5-7 сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Білім ииновация лицейіне (КТЛ), Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейлерге дайындық сабақтары да жүргізіледі. Оқушыға қосымша білім беру жүйесін дамыту кәсіптік бағдар берудің ең тиімді жолы болып қала бермек. Білім қашан да бағасы жоқ гауһар емес пе?
Гүлия ЗАКАРИНА, ІТ лицейдің биология пәні мұғалімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу