8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қаңтар 2024 3600 0
Қалалықтар қаперіне

Мектеп оқушылары 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады


Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады.

Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.

Бұл ретте 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.


Тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест кімдерге қажет:

– магистратура мен докторантураға түсетін студенттерге;

– мемлекеттік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлерге (жоғарғы кадрлық құрам);

– «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге;

– ҰҚК академиясына түсуге өтініш білдірген студенттерге;

– «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдеріне.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл емтиханды 9 және 11 сынып оқушылары ғана тапсыратын.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
353 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»