8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2023 6295 0
Дені сау ұлт

Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды


Денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қызылшадан екі адам көз жұмғанын айтты.

«Қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелді. Олар – 1 жасқа дейінгі балалар. Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бұл оқиға Астана мен Шығыс Қазақстан облысында болды. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа да ілеспе аурулары болған. Соңына ол қызылша жұқтырған», – деді А. Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, елімізде қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Бүгінде қосымша вакциналауға жататын 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы егілді, қамту 40,5% құрады.

Қызылшаға қарсы жоспарлы вакциналау да жалғасып жатыр. Мәселен, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі (ДДҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1% және 6 жастағы балалардың 93,4% қамтылды).

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»