8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Желтоқсан 2023 3089 0
Бәрекелді!

Жастар – ел тірегі

Бүгін, желтоқсанның 26-сы күні «Атамекен» өнер ордасының конференц залында БҚО әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Жиынға қоғамдық ұйымдардың белсенділері, кеңестік мүшелері, жастар қоғамдық ұйымдарының белсенділері, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Басқосуда сөз сөйлеген өңір басшысы Нариман Төреғалиев: – Елдік сана, еңбекке деген құрмет қалыптастыру – маңызды мәселе. Жастар, сіздерге айтарым, қазіргі таңда мүмкіндіктер өте көп, тек ізденіп еңбек жасау керек, – деді. Бұдан кейін БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева облыс жастарын дамытуға арналған бағдарламалар туралы, Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кеңесары Нұршинов аталмыш аудандағы жастар белсенділерінің атқарған жұмыстарының нәтижелері және «Орал студенттері Альянсы» корпоративтік қорының директоры Т. Серікқалиев, Ақжайық ауданының жас кәсіпкері Әлішер Мағзом, дизайнер Ә.Сырымова, Жәнібек ауданының дәрігері Ф.Дәненовалар жастар саясатының іске асу жөніндегі атқарылар ауқымды іс туралы ой бөлісті.

Одан соң облыс әкімінің Алғыс хатымен бірқатар жастар белсендісі марапатталды. Содан соң аталмыш өнер ордасының үлкен залында жас жыл үздіктері анықталып, марапатталды.

Гүлім НҰРҚАТ

Бұл мақала туралы газеттің №52 санынан толық оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»