8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Желтоқсан 2018 3511 0
Қалалықтар қаперіне

АЯЗ. БОРАН. ЖЕЛ.

БҚО-да аязды ауа райы мен желді бұрқасын ай соңына дейін жалғасады.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы кешеден бері дауылды ескерту туралы жариялауда. 26 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00 мен бүгінгі таңғы 6.00-ге дейінгі уақыт аралығында барлық бағыттағы жолдар жабылған болатын. Ол туралы ақпарат тұрғындарға хабарлама арқылы жеткізілді. БҚО ТЖД бастығының орныбасары Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, бұл ескертуге құлақ аспаған жолаушылар да болған. Мәселен, кеше кеше Орал-Атырау тас жолы бойында жол шетіне түсіп кеткен автокөліктерге ТЖД-ның құтқарушылары көмек көрсеткен. Жалпы 24 желтоқсаннан бері жеті бірлік техника шығарылып, 13 адам жылыту пункттеріне жеткізілген.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы аязды күндер, боранды бұрқасын 31 желтоқсанға дейін сақталады деп жорамалдауда. Бүгін кей аймақтарда қар жаууы, ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Кей жерлерде 17-22 м/с дейін желдің күшеюі байқалып, бұрқасын соғуы да ықтимал.

Сондықтан төтеншеліктер өңір тұрғындары мен қонақтарға жолда абай болуды ескертеді. Ұзақ жолға шықпас бұрын департаменттің сайты мен ақпарат құралдарындағы ауа райына байланысты хабарландыруға назар аудару қажет.

Ауа райына байланысты жолдарды жабу тәртібі ішкі істер департаментімен, жол және полиция қызметкерлерімен бірлескен жоспар негізінде жүзеге асырылады.

– Біздің міндетіміз – смс-хабарламалар арқылы жолдың жағдайын тұрғындарға жеткізу. Облыс бойынша 17 жылыту бекеті жұмыс жасайды. Бұл ретте аудандық әкімдіктермен, жол бойындағы кафелермен келісімшарттар жасалды. Біздің департамент тарапынан арнайы бағыттары белгіленген бес ұтқыр топ құрылған. Шұғыл шақыртулар түскен кезде олар арнайы техникалармен адамдарды эвакуациялауға жібереді. Жолда қалып қойған жолаушылар «112» телефон нөміріне хабарласуы керек, – дейді БҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы М.Отаров.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»