Мәдениет майданының қаһарманы
Кеше «AMANAT» партиясының үлкен залында «Отбасы хрестоматиясы» қорынан шыққан «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітаптың авторлары – Санжар Керімбай мен Әділбек Нәби. Салтанатты рәсімде жаңа кітаптың тұсауын мәдениет саласының ардагерлері Сара Танабаева, Құжырғали Төлеуішев және педагог Светлана Бахишева кесті.
Таныстырылым кешінде «Отбасы хрестоматиясы» жобасының негізін салушы заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғылым кандидаты, ҚР Ұлттық архивінің тұңғыш директоры Рысты Сариева сөз сөйлеп, Өзбекәлі Жәнібеков жайлы естеліктері мен кітап хақында пікірлерін ортаға салды.
Кітап авторларының бірі, шығыстанушы Санжар Керімбай «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының жазылу тарихын, өмір жолын, туындыны жазуға кімдер мұрындық болып, көмектескенін айтып берді.
Әсем күй орындалып, Арқалық, Ақ Жайық жайлы әндер шырқалған шарада Ө.Жәнібековтің суреттері фотокөрмеге қойылып, «Отбасы хрестоматиясының» кітаптары сатылымға шығарылды.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру