8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Желтоқсан 2023 3219 0
Қалалықтар қаперіне

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған амбулифт бар


Орал
халықаралық әуежайы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін арнайы техниканы қолданысқа еңгізді

Орал халықаралық әуежайы терминалдың инклюзивті ортасын жетілдіруде. Жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін әуежай амбулифт сатып алды.

Кабинаның жүк көтергіштігі 1 тоннаны құрайды. Амбулифт платформасы жолаушыларды 8 м биіктікке көтере алады, бұлоларды әуе кемелерінің кез келген түріне жеткізуге мүмкіндік береді. 3 маманнан тұратын бригада мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсететін болады.

Сіз амбулифтті қосымша өтінімсіз пайдалана аласыз. Әуежайда арнайы сүйемелдеу қызметі жұмыс істейді, оның агентін шақыру үшін аэровокзалға келгеннен кейін ақпарат сөресіне жүгіну жеткілікті. Маман сізге тіркеуден өтуге көмектесіп, жолаушыны ұшақ бортына апаратын ұшу аймағына шығарып салады. Мүмкіндігі шектеул іжолаушыларға қызмет көрсету туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуғаболады: +7 (7112) 93-96-75, +7 (7112) 93-96-77.

Айнагүл САКПУСУНОВА,
Орал халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің басшысы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»