Бас прокурор орынбасары хостелдің жертөледе болғаны заңға қайшы екенін айтты
Бас прокурор орынбасары ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғағанын, ал істің сапалы, жан-жақты тергелуін қамтамасыз ету үшін Бас прокурор тиісті үкім шығарғанын айтты.
“Алматыда болған өрт – өте ауыр жағдай. Біріншіден, мен қаза болған азаматтардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтқым келеді. Бас прокуратураның білікті қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасының қызметкерлері тергеу тобымен бірге барлық күш-жігерімізді салып, қысқа уақытта жауапкершілікпен қарау мәселесін қарастырамыз”, -деді бас прокурор орынбасары мәжіліс кулуарында.
Жандос Өмірәлиев жер төледе хостел ашу қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берді.
“Ғимараттың бірінші қабатында және астыңғы қабатында адамдар тұрған деген ақпарат тарап жатыр. Әрине, бұл заңға сәйкес келмейді. Себебі, заңда тұрғын үй және тұрғын үй емес деген норма бар. Бірақ біздің ақпаратымызша, әкімшілік тарапынан ауыстырылмаған. Сондықтан ғимараттың астындағы қабаттағы адамдардың тұруы менің ойымша заңға қайшы келеді. Тұрғын үй емес ғимараттарда оларды ауыстыру керек”, -деді Өмірәлиев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт болып, 13 адамның жан тапсырғанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт болған кезде мұнда 72 адам болған. 59 адам эвакуацияланыпты. Өрттің себебі сараптамадан кейіне анықталады. Қазір полиция бұл оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру