8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2023 1998 0
Білім

Білікті мамандардың ұстаханасына айналған білім ордасы

Бүгін, қазаннның 13-і күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 60жылдық мерейтойын атап өтті.

Шараға жиналғандар бас ғимараттың дәлізінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде  аталмыш оқу орнының зертханалық, халықаралық дәрежедегі жануарлар генетикасы, мал және ауыл шаруашылығы саласындағы он селекциялық жетістік қойылған. Сондай-ақ «Ақылды фермалар» бағдармасы аясындағы немесе алыс жайылымдағы суларды үнемді пайдалану, алма ағашының технологиясы, құрылыс материалдарын жасау жөніндегі қол жеткізген табыстары университеттің проректоры Шәмшіден Әлжан жиналғандарға таныстырды.

Бұдан кейін акт залында «Түлектер мен қамқоршылар» форумы жалғасын тапты. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев білім ордасын мерейтоймен құттықтап, сөз сөйледі. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Асқар Нәметов меймандарға қош келдіңіз айтты.

Түлектер студенттік кездерін еске алып, білім берген ұстаздарына ризашылықтарын білдірді. Шараның соңы өнерпаздардың дайындаған  концертіне ұласты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»