8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2023 4304 0
Қалалықтар қаперіне

Қызыл шаң қашан бітеді?

Бұл – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы. Тарихи көне ғимаратта Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы да орналасқан. Айтпағымыз, екі айға жуық уақыт болды. Ғимараттың сыртына күрделі жөндеу жасалып жатыр.

Таңнан кешке дейін суреттегідей қызыл шаң көз аштырмайды. Қыркүйектің басында даңғыл бойын түгел шаң қаптап, көліктер бір-бірін көруден қалып, соқтығыса жаздап еді. Қайта бұл басылғаны! Осы ғимараттың дәл қилысында қалалық алтыншы мектеп орналасқан. Әрлі-берлі оқушылар, ата-аналар, жұртшылық өте көп жүреді. Кейде уақытша қиындықты ескеріп, киімдерін шаңға «қиятын» тұрғындар да баршылық. Жылдар бойы жөнделмеген, тазармаған көне ғимараттың қызыл шаңын кешкісін жұрт саябырсығанда, таң сәріде жасауға болмас па еді?!

Қалай десек те, кім болсақ та бұрқыраған шаң мен «қызыл дауылдың» маңынан күн сайын үндемей өту мүмкін еместей…

Өз тілшіміз

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»