«ӨНЕРДІҢ ӨРНЕКТІ ҚЫРЛАРЫ»
Орал қаласында «Өнердің өрнекті қырлары» атты көркем-эстетикалық пәндері мұғалімдерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өз жазу мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындары, бабаларымыздың мәдениетін дәріптеу, мұғалімдерді ұлтжандылыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, салт-дәстүрімізді дәріптеуге, ұлттық құндылықтарымызды қолөнерді өркендетуге бағыттау, туған еліміздің тарихын, қолөнерін зерттеп оны қолданбалы және бейнелеу өнері арқылы бейнелейтін үздік шығармашыл ұстаздарды анықтау, қолдау көрсету.
Көрме байқауына Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, облыстық мектептерден, 12 ауданнан және Орал қаласының мектептерінен 15 бағыт бойынша 147 жұмыс қойылды. Ұсынылған жұмыстардан технология, бейнелеу, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің жұмыстары бірінен бірі өтетін шеберлік пен шығармашылықты, әркімнің өзіне тән айшықты өрнектерді, жаңа технологияларды көруге болады. Елбасы мақаласындағы жеті қырдың үш қыры жұмыстардан айқын көрінеді. Мысалы, «Атқа міну мәдениеті» қырына сай ту ұстаған салт атты жауынгерлердің ел қорғауға аттанған сәттері бейнеленген суреттер, аңшы суреттері, мүсіндер, т.б. жұмыстарда көрінеді. «Аң стилі» мен «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» қырлары көрмеге қойылған әшекейлерде, сурет, кескіндеме сияқты түрлі бағыттағы жұмыстарда өрнектелген. Жұмыстарды бағалауда қазылар алқасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары және тәжірибелі педагогтар әр бағыт бойынша жұмыстанды. Қазылар алқасы жұмыстарды, мұғалімдердің шеберлігі мен шығармашылығын жоғары бағалады. Өсу мен өзгеру бар екенін атап өтті. Байқауға қатысқан педагогтар шығармашылық жұмыстарында тәжірибе алмасып, бір-бірінің жұмысын көріп, өзара пікір алмасуына мүмкіндік алды.
Көрме байқауы нәтижесінде 15 бағыт бойынша Бас жүлде, бірінші, екінші, және екі үшінші орындар берілді.
P.S. Көрме жұмыстары 29 желтоқсанға дейін Орал қаласының Көрме залына қойылады. Көріп, тамашалаймын деушілерге есік ашық! Келіңіздер! Көріңіздер! Керемет өнер туындыларын көресіздер! Көрменің мекенжайы Достық даңғылы 106 үй, Революция аялдамасы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу