Мектебім – мейірім мекені
Бүгін, қыркүйектің 1-і күні еліміздің барлық мектептеріндегідей, қаладағы №1 білім ұясында алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиынға Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, БҚО Ішкі істер полиция департаментінің басшысы Арман Оразәлиев, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова қатысты.
Салтанатты жиын алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып бүлдіршіндерінің ортаға келуімен басталды. Содан кейін №1 мектеп директоры Аманжол Хайров сөз сөйледі. – Өткен оқу жылы алға қойған міндеттердің іске асып, жетістіктерге толы, табысты жыл болды. Былтырғы оқу жылын 1330 оқушымен, 198 оқу озаты, 499 оқу екпіндісімен аяқтадық. Мектеп оқушыларының 98-нің төртеуі – үздік аттестат,екі мектеп түлегі «Алтын белгі» иегері атанды. Ұжымда 110 мұғалім бар. Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын! Жаңа оқу жылы толағай табыстар әкелсін! – деді мектеп директоры Аманжол Нұрсайынұлы.
№1 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен алғашқы қоңырауда қала әкімі Миржан Сатқанов сөз сөйлеп, қазіргі заман мүмкіндіктер заманы, білім аламын деген жастарға барынша жағдай жасалғанын, оқушылардың өз білім ордасының атын шығарып, тек қана жақсы қырынан көріне берулеріне тілектес екенін жеткізді.
Бұдан кейін БҚО Ішкі істер полиция департаментінің басшысы Арман Оразәлиев сөйлеп, облыс бойынша 379 мектепте, қаладағы 65 мектепте кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторлар жұмыс жасайтынын мәлім етті.
Шара соңында алғашқы қоңырау сыңғырын 11 сынып оқушылары Әділ Сабыржан, «Алтын белгіге» үміткер Айнұр Дүйсім, 1 сынып оқушылары Айару Бисенғалиева, Алдияр Мақсот соқты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Суретті түсірген автор
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу