Қалалық бюджет мәселесі талқыланды
Бүгін, тамыздың 11-і күні Орал қалалық мәслихатының төртінші кезектен тыс сессиясы болды. Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, сөз кезегін баяндамашыларға ұсынды.
Сессияның бірінші мәселесі қалалық бюджет туралы Орал қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қадыров баяндама жасады. – Қалалық бюджетті нақтылау облыстық бюджеттің нақтылауына байланысты және бюджеттік бағдарлама бюджеттік өтнімдері мен ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Қалалық бюджеттің жалпы сомасы 2,3 млрд теңге сомасында нақтылау және ұлғайту келесідей бөлу көздері арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. 712,9 млн теңге облыстық бюджеттен трансферттер мен кредиттерге бөлінді. Сондықтан да сіздерден шешімнің жобасын бекітуді сұраймын,-деді Азамат Темірбекұлы.
Бұдан кейін қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Мейрам Хайров Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» былайша баяндады. -«Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Орал қалалық мәслихаты шешімінің жобасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №Д- 254 қаулысымен бекітілген шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді. 8-тармағына сәйкес, туристерді орналастыру орындарында, шетелдік туристер саны өткен күнтізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жиырма және одан да жоғары пайыз артқан жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарна – болу құнының 5 (бес) пайызы белгіленді,-деді Мейрам Хайров.
Жиынның барысында қала әкімі Миржан Сатқанов: – Қалалық бюджеттің ерекшелігі – 3 млрд-қа ұлғайды. Бұл қаржылар барлық жобалар мен жолдарға жұмсалады. Сондықтан да сіздерден бірігіп жұмыстанамыз деген сенімдемін,-деген шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы депуттар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу