8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2023 933 0
Мезгіл мәселесі

Мототранспортты басқаруда сақ болайық

Жаз маусымы басталысымен мототранспорттардың қатысымен жол-көлік апаттары орын алатыны жасырын емес. 27 шілде күні шамамен таңғы 08:56-да Шолохова көшесімен келе жатқан Volkswagen автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы мотоциклге кедергі жасаған.

Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, оның 24 жастағы жолаушысы жеңіл жарақат алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Көбіне мотоцикл жүргізушілері мен мопед жүргізушілері жол бөлігінде жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін елемейді. Сонымен бірге олар екі доңғалақты «темір тұлпарлардың» дизайнында «пассивті қауіпсіздік» сияқты параметр жоқ екенін ұмытады. Осының барлығы қалалық магистральдарда қозғалыстың жоғары қарқындылығымен қоса көптеген жағдайларда екі доңғалақты көлік жүргізушілерінің ауыр жарақат алуына немесе өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларына әкеледі.

Мотоциклді, мопедті, скутерді басқарған кезде жүргізуші мотоциклге арналған шлем киюі керек. Жүргізуші мотоциклді шлемсіз басқарса, апат кезінде өлім қаупі 1,5 есе артады. Бұл бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. БҚО полицейлері мотоциклшілерге мотоцикл шлемінен бөлек, қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін арнайы құралдарды қолдануды ұсынады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»