Құрбан Айттың малдары үш жерде шалынады
Жылдағы дәстүр бойынша биыл 27 маусым Арафа күніне келіп отыр, ал Құрбан айт мейрамы – 28 маусым. Яғни, 28, 29, 30 маусымда Құрбан айт мейрамы тойланады.
Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Еркін Жұмабекұлының айтуынша, биыл Орал қаласы бойынша құрбан малдары мына үш жерде шалынады. Олар: «Батыс Адал Ет» Деркөл шағын ауданында 2-я Молодежная көшесі 1/6, «Кублей» Рыбокомбинат көшесі 55/1 және Сырым Датова 41/а көшесінде орналасқан «Ел Ырысы» мал базары. – Сондай-ақ онлайн форматта шалам деушілер болса, QURBAN2023.KZ сайты іске қосылды. Сол сайт арқылы онлайн шалуға болады. Әрі мұқтаж жандар болса, Құрбандық етін алуға, сол сайт арқылы өтініш қалдыруға болады. Үйден өз еркімен шалушы жандар мешітке әкелемін десе, мешітте арнайы ет қабылдайтын орынға тапсыруға болады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған үш мекеменің біреуіне апарып бере алады. Шалынған құрбан еттері сіздің атыңыздан мұқтаждарға таратылады, – дейді наиб имамы Еркін Жұмабекұлы.
Құрбан шалудың тәртібі, маңызы туралы толығырақ «Жайық үні» газетінің №25 номерінен оқи аласыздар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу