8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2023 2684 0
Қалалықтар қаперіне

Алаяқтық алаңдатып тұр

Мамыр айы басталғалы бері Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің басшылары түрлі өндіріс ұжымдарына барып, алаяқтық фактілеріне тосқауыл қою мақсатында жұмыстар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары «Kaz Step Servise» кәсіпорынының ұжымымен кездесіп, азаматтарды алаяқтардан сақ боп жүруге шақырды.

Сонымен қатар, «Орал сауда-өндірістік компаниясының» ұжымымен де кездесу ұйымдастырып, қала ішінде белең алған алаяқтықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс- шаралармен таныстырды.

«Казтрубпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де бет бұрған Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері көпшілікті алаяқтардың құрбаны болмауға шақырып, жадынамалар үлестірді.

Барлық кәсіпорын мен мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Тәртіп сақшылары қандай жағдайда да әр нәрсеге аса мұқият болуды ескертеді!

Жыл басынан бері Орал қаласы аумағында 282 алаяқтық фактісі тіркелсе, соның 138-і интернет алаяқтығы болып отыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»