Президент «маңызды аймақты» аралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Орал қаласына ресми сапармен келгені жұртшылыққа мәлім. болатын.
Сапар аясында Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды. Президентке «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әліби Ахмеджанов кәсіпорынның жұмысы туралы айтты. Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады. «General Electric
» компаниясының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі. Кәсіпорын жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Қ. Тоқаевтың пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады, сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.
Бұдан соң мемлекет басшысы «Атамекен» өнер ордасында болып, өңірдің тарихи-шығармашылық мұраларына арналған көрмені тамашалады. Мемлекет басшысы мәдениет сарайының мәжіліс залында бір топ ардагерлермен және өңірдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарымен, оқыс оқиғалар кезінде белсенділік танытқан азаматтармен кездесті. Сондай-ақ , Мемлекет басшысы Батыс Қазақстанды еліміздің дамуы үшін маңызды аймақ деп атап өтті. Президенттің сапары одан әрі өңірдің дамуының драйверіне айналап отырған Ақсай қаласындағы ірі мұнай өндіру зауытында жалғасты.
Сондай-ақ мемлекет басшысы жүз жасаған соғыс ардагері, заңгер Иван Гапичпен жүздесті. Елге белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбай да бірге болды.
Айнара ИСА, суреттер БҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу