8 Наурыз мерекесімен құттықтады
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қала әкімі Миржан Сатқанов әр түрлі саладағы еңбек ардагерлері мен еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді көктем мейрамымен құттықтады.
– Әйел, ана ұғымы – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен қайнары. Сіздердің арқаларыңызда отбасы ұғымы, мызғымас құндылық болып қала береді. Үй шаруасы мен кәсіби қызметті үйлестіре отырып, әлемді мейірімді ететін – өздеріңіз. Жүздері күннің шуағындай жылы, тұла бойына сұлулықпен қатар іскерлік тұнған өзіңіздей жандар бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, сүйікті шаһарымыз Орал қаласының дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Сіздерді төл мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызда ырыс, баянды бақыт және сүйіспеншілік шуағын тілеймін, – деп шарада құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы жүрекжарды тілегін арнады.
Бұдан кейін Орал қаласының құрметті азаматы Роза Лукьянова, жұбантанушы, білім саласының еңбек ардагері Үзілдік Елеубаева, еңбек ардагері Людмила Иванова, көпбейінді аурухананың акушеркасы Лунара Ерғалиева, спортшы Мария Сергеевна, «Алтын алқа» алқасының иегері, көпбалалы ана Астра Ғабдешова, №26 ЖОББМ-нің бастауыш сыныптағы қазақ тілі мұғалімі Ирина Суетина, дәстүрмейкер, блогер, кәсіпкер Арна Досполаева құттықтауларын жеткізді. Жиын соңында көркемөнерпаздар әннен шашу шашып, қатысушылардың көңілдерін серпілтті.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу