Шекарадағы жағдай тұрақты
Дүйсенбіде облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Қауіпсіздікке жауап беретін орган өкілдерінің мәліметінше қос ел арасындағы шекарадағы жағдай тұрақты.
Самара облысымен шектесетін «Сырым» шекара бекетіндегі ахуал түбегейлі өзгерген. Қазір жағдай толықтай бақылауда. Ресей аумағындағы ұзын-сонар кезек азайған. Облыс аумағына 1-шы қыркүйектен бері 377 мың адам өтсе, оның 122 мыңы Ресей елінің азаматтары көрінеді. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншиннің айтуынша облыс аумағына келген 7 296 Ресей азаматы ЖСН алуға өтініш берген. – Аймақтағы алты шекара бекетінде ПД-нің 38 қызметкері кезекшілікте тұр. Олардан бөлек бірнеше бригада қаупсіздікке жауап береді. Бүгінде Оралдағы «Атамекен» туристік сауықтыру базасында 140 азамат бар. Қалғандары «Самал» турбзасында және «Карат» мейрамханада уақытша тіркеумен тұрып жатыр. Бұдан бөлек адамдар көп жиналатын Темір жол вокзалы мен «Сити центр» ойын-сауық орталығы, сондай-ақ саябақтар мен тынымбақтар маңында бақылау күшейтілген. Оралдағы жалдамалы пәтерлерде 426 адам тұрып жатыр. Шетел азаматтары толықтай бақылауда,- деді Жанболат Жасқайратұлы. 8 қыркүйекте тоқтатылған Оралдан Самара мен Толяттиге автобус қатынасы 1 қазанда қалпына келтірілді. Қазір бұрынғы бағыттар бойынша қатынас жанданған. Алайда облыс әкімі Ғали Есқалиев сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.Сонымен қатар шекара бекетінде таксистер де азайған. Адамдар көп болған алғашқы күндері шекара бекетінен Орал қаласына дейін таксистер жолаушыларды 2 мың рубльге апарса, баға қазір екі есеге төмендеген. Бұдан бөлек тұрғындар саулығын сақтауға бас мән берілген. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қалибеков мәлімдегендей облыстық ауруханада 11 шетелдік азаматқа медициналық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек шекара бекеттерінде тәулік бойы дәрігерлер кезекшілігі ұйымдастырылыпты. – Облыстық ауруханада дәрігерлер көмегіне жүгінген 11 адамның 3 еуі ауруханаға жатқызылды. Қалалық ауруханаға 7 науқас жүгінген. Шыңғырлау, Бәйтерек, Сырым аудандарындағы ауруханаға 2 науқастан жатқызылса, Ақжайық пен Терктіде бір-бірден ем алуда. Тағы 19 адамға түрлі деңгейдегі медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдемге барлығы 36 шетел азаматынан қоңырау түскен,- деді Арман Талғатұлы.Бүгінгі таңда ел аумағына келуші Ресей азаматтарының саны азайған.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу