8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Шілде 2022 1539 0
Көңіл айтамыз

Сайранбек жүрегімізде сақталады!


Киелі Ақжайық елінің біртуар азаматы, ғалым, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, қоғамға және білім мен ғылым саласына аларынан берері көп, өмірі өнегемен өрілген техника ғылымдарының докторы, профессор Сайранбек Мақсотұлы Ахметов мезгілсіз өмірден өтті.
Жүйткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өткен ғұмыр –ай. Қайнаған күйбің тіршіліктің, әсіресе өлімді ойлауға уақыт жетпейтін сәттерде, жайсыз оқиғалар еріксіз уақытты тоқтатып, мойындатады. О бастан өлмек айқын. Бұл пәниде темір өзекті пенде жоқ, бірақ та бәріде өз орынымен болса екен ғой деп өкінеміз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік ғылым академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ғалымдары, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің оқытушы-профессор құрамы мен студенттері, магистранттары атынан марқұмның отбасына, ағайын – туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Абай атамыз «адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады», – дегендей, замандастарынан оза шауып, адал еңбектің нәтижесінде биік мақсаттарға қол жеткізген Сайранбек Мақсотұлы танымал ғалым, білікті ұстаз және таланты басшы бола білді. Ол 1965 жылы наурыздың 11 жұлдызында Астрахан қаласы Астрахан облысының қызметкер отбасында дүниенің есігін ашты. 1982 жылы Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Котяевка ауылының Н.К. Крупская атындағы орта мектебін бітірді. Орал қаласы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының механика факультетінің күндізгі бөлімінің 1-ші курс студенті атанды.
1983-1985 жылдары Донецк облысы Коммунарск қаласы Киев әскери округі №143 мотоатқыштар полкінде әсери борышын өтеді. Кейін Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты механика факультетінің күндізгі бөлімінде оқуын жалғастырды.Ғылымдағы еңбек жолын 1989 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының теориялық механика кафедрасында көмекші-оқытушы, Атырау мұнай және газ институтының теориялық механика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, инженер-механикалық факультетінің деканы, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс бойынша проректоры лауазымында аброймен қызмет жасады.
1993 жылы Саратов қаласы М.И. Калинин атындағы ауылшаруашылығын механикаландыру институтында К.120.20.01 мамандандырылған кеңестің ауылшаруашылық өнімдерін механикаландыру, 05.02.01. – техника ғылымдары мамандығы бойынша ғылыми атақты алу үшін диссертация қорғады.
Қазақ ауыл шаруашылығын механизациялау және электрификациялау ғылыми-зерттеу институты жанында Д 53.09.03 диссертациялық кеңесінде 05.02.18 механизм және машиналар теориясы және 05.20.01 – ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жиналысында 2002 ж. 27 шілдедегі № 23 шешімімен ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі болып сайланды.
2005 жылы «МГҰ бұрғылау – пайдалы қазбаларды шығару» мамандығы бойынша ҚР БҒМ білім және ғылым саласында аттестациялау және бақылау комитетінде профессор ғылыми атағы берілді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының 2006 ж. 27 қаңтардағы № 27 шешімімен академик болып сайланды.
Ұстаз ұлағатты есім. Ол шәкірттеріне өмірлік азық болар тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік тұрғыда бағыт-бағдар береді. Осындай жанның бірі – Сайранбек Мақсотұлы. Жақсы адамның ісі қашанда елге ұлағат, ұрпаққа өнеге. Ол өмір жолында кездескен адамның талабын ұштай білетін, рух беретін, бағыт сілтейтін нағыз патриот тұлға болып қалыптасты. Оған Батыс Қазақстан өңіріндегі ғалымның басшылығымен магистрлік, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған шәкірттері, ізбасарлары дәлел бола алады.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңесшісі, ал кейін Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқу-әдістемелік және инновация жұмысы бойынша проректор, ректоры қызметтерін атқарды.
«КазИИТУ» ғылыми-білім кешені мен Ресей мемлекеттерінің танымал ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамыта отырып, маңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдас- тырды, ғылыми жобаларды жүзеге асырды. Сайранбек Мақсотұлы – үнемі жаңашылдыққа ұмтылып жүретін сөздің адамы емес, істің адамы. Сонымен бірге елдің қамын ойлаған көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл, ұлтжанды азамат болды. Білім ордасында ана тілімізді қолданысқа еңгізуде зор еңбек етті, ғылыми жиындар мен отырыстарды мемлекеттік тілде өткізді.
Ғылым мен білім және жастарға тәлім-тәрбие берудегі еңбектері үшін «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» (2005ж.), республикадағы инженерлік істі дамытуда жеткен жетістіктері үшін «ҚР инженерлік ісіне қосқан үлесі үшін» (2006ж.) және «Ы. Алтынсарин» (2012ж.) атындағы марапатталды. Отбасында балаларына қамқор әке, отанасына өнегелі отаға бола білді.
Сайранбек Мақсотұлының жарқын бейнесі әріптес- теріміздің, білім алған шәкірттерінің есінде мәңгі сақталады. Жатқан жері жарық топырағы торқа болсын!

А. Әйтімов,
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің құрылтайшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің иегері», ҚР Ұлттық инженерлік ғылым академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, ҚР маслихаттарының құрметті депутаты, академик

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
99 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
156 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
394 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
876 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1254 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1152 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1613 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2229 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2401 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2452 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2457 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2067 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2936 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2990 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2984 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3597 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3565 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3556 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3532 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3692 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»