8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Маусым 2022 4793 0
Жалын

🌷🌷🌷» Жайық үнінің» бүгінгі нөмері өздеріңізге арналды, Әріптестер! Тағы да БАҚ мерекесі құтты болсын! ✍️✍️✍️🌹🌹🌹👏👏👏

«Жайық үнімен» бірге бола берейік!…

Тәуелсіздіктің төл құрдасы, 30 жылдық тарихы бар Орал қалалық апталық қоғамдық саяси газеті «Жайық үнінің» мерейі кешегі Бұқаралық ақпарат құралдары мерекесінде тағы да үстем болып, төбесі көкке жетті.
Отыз жыл бойы үні өшпеген, шаһар жаңалықтарының жарқын хабаршысына айналған, елдегі қоғамдық ахуалды айқындап, Тәуелсіздікті тұғырландыру, егемендігімізді еңселету, Елбасымыз бастаған биіктерге елмен бірге қол жеткізу жолында сенім жүгін арқалаған, кездескен сан түрлі соқпақтардан сүрінбей, алға қарай ұмтылған «Жайық үні» басылымы үшін Барыс жылындағы төл мереке – асқан қуаныштармен, жұлдызды сәттермен айшықталды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевтің алғаш рет тағайындаған «Үздік ақпарат қызметкері» төсбелгісімен марапатталғанымды – «Жайық үні» редакциясы ұжымына көрсетілген құрмет деп бағалаймын. Сондай-ақ, 1985 жылы мектепті бітіргеннен газеттен ажырамаған өміріме Ақ Жайығымның атынан айтылған алғыс деп қабылдаймын. Ұзақ жылғы еңбегімді ескерген ел азаматы, облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлына және «Құттықтау хат» сыйлаған Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа зор ризашылығымды білдіремін. «Жайық үні» газетіне жылы лебіздерін арнаған барша құттықтаушыларға, оқырмандарға үлкен рахметімді айтамын.

Кәсіби саламызды одан сайын шыңдап, жаңалықтарды жергілікті тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қоса беретінімізге сендіремін. Барша игі-жақсыларыма, оқырмандарыма, тілеулестеріме амандық, ашық аспан, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін. Арамыз алыстамай, уақыттан жылыстамай, заманнан қалыс қалмай «Жайық үнімен» бірге бола берейік!

Құрметпен: жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Жайық үні» газетінің редакторы
Мира Шүйіншәлиева

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
93 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
289 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
277 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»