ҚҰТҚАРУШЫЛАРДА ҚОНАҚТА
Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз қыс» азаматтық қорғау айлығы аясында іс-шаралар жалғасуда.

Азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы білімді насихаттау мақсатында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы білім беру мекемелерінде қыс мезгіліндегі қауіпсіздік қағидалары, үсік шалған кездегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету және қысқы балық аулауды жүргізу қағидалары бойынша ашық сабақтар өткізеді. Осындай іс-шараның бірі – БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағында өткізілген Ашық есік күні.
№20 орта білім беру мектебінің 8 және 9 сынып оқушылары жасақтың оқу-жаттығу базасында болды.
Экскурсия барысында құтқарушылардың жұмыстары туралы мәлімет айтылып, арнайы техника мен авариялық-құтқару жабдықтарын, жоғары өтімді авариялық-құтқару автомобильдері көрсетілді.
Ашық есік күніне қатысушылар тыныс алуға қиын ортада және зақымданған аймақта құтқарушылардың қызметте қолданатын тері жабындары мен тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарының заманауи түрлерімен танысты. Полигонда кинологиялық қызметтің «Марри» атты лабрадор ретриверімен өткізілген жаттығуға куә болды. Сонымен қатар оқушыларға шартты зардап шеккендерді биік ғимараттардан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу, альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жетуі қиын жерлерден шығару бойынша практикалық дағдыларды көрсетті.
Ашық есік күні әңгімелесу түрінде өтті. Балалар қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, өздерінің ойларында жүрген сұрақтарына да жауап алды. Оларды Жедел-құтқару жасағының тарихы, құтқарушылардың күнделікті өмірлері, авариялық-құтқару құралдарын және арнайы техникаларды қолданулары қызықтырды. Ашық есік күні соңында балалар өздерінің ойларымен бөлісіп, құтқарушылармен жиі кездесуге келіп тұруға келісті.
А.ҚОЖАНБАЕВА, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу