28 Сәуір 2022 2184 0
ҚоғамМҮГЕДЕК ЖАНДАР МҮДДЕСІ ҮШІН
27 сәуір күні «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастырумен «Жеңіс» мүгедектер қоғамдық бірлестігі «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңес беру қызметі» атты республикалық гранттық жобаны таныстырып, жоба шеңберінде офлайн-форматта мүмкіндігі шектеулі жандарға коучинг-оқыту өткізді.
Жоба координаторы Рауза Луқпанқызы шараны ашып, «Жеңістің» негізін қалаушы Азон Шаймарданов жаңа жобаға сәттілік тіледі.
– «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңес беру қызметі» жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге бейімделуі мен қоғамға сіңісуіне мүмкіндік жасалып, «бір терезе» қағидаты арқылы заң, әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу, тренинг пен онлайн іс-шаралар нәтижесінде психологиялық көмек көрсетілмек. Сондай-ақ жоба аясында түрлі салада жетістікке, табысқа қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы бейнежазба түсіріп, арнайы ашылған YouTube арнасы арқылы оларды ел көлеміне таныту көзделген. СММ, таргетинг, графикалық дизайн, есепші мамандықтарына онлайн оқыту курстарын, ал тігінші, аспазшы, шаштаразшы, дәнекерлеуші, арамен кесуші, жиһаз жинаушы ісіне қызығушылық танытқандарға оффлайн оқыту курстары ашылады. 100 кембағал жанның білімін арттырып, кем дегенде 10 адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеспекпіз, – деді «Жеңіс» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Кенжеғалиқызы.
Қоғамдық бірлестіктің психолог маманы Роза Бакесова өткізген «Менің өмірлікбасымдықтарым» атты коучинг-тренинг бейімділік, табандылық қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіріп, құрметтеуге, бағалауға үйрету және өз ойын ашық айтуға дағдыландыру мақсатына бағытталды. Бес топқа бөлініп қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандар өз ойларын еркін жеткізіп, тренингке белсене қатысты.
– Бұл – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін республикалық бағыттағы үлкен қолдау. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандар үнемі мемлекет назарында деген сөз. Қоғамнан тыс қалмай, білімін шыңдап, кәсібін бастасын деген бағыттағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Мамандармен бірлесе отырып жасалған жұмысты көріп отырмыз. Батыс Қазақстан өңірінде бастау алған бұл бастама басқа облыстарда да сәтті жалғасын тапсын, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының басшысы Абзал Молдағалиев.
Бірлестік төрайымы өз сөзінде жоба таныстырылымының «Тең қоғамда» өтуіне қолдау білдіргені үшін орталық басшысына алғыс айтты.
«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
01 Тамыз 2026
37 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
01 Тамыз 2026
41 0
Құрылтай-2026
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
01 Тамыз 2026
51 0
Өңір жаңалықтары
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
31 Шілде 2026
109 0
Құрылтай-2026
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
31 Шілде 2026
100 0
Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
31 Шілде 2026
84 0
Без рубрики
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
30 Шілде 2026
113 0
Без рубрики
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
30 Шілде 2026
118 0
Құрылтай-2026
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
30 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
30 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
30 Шілде 2026
140 0
Құрылтай-2026
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
29 Шілде 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
29 Шілде 2026
145 0
Заң және тәртіп
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
29 Шілде 2026
155 0
Құрылтай-2026
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
28 Шілде 2026
189 0
Экономика
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
28 Шілде 2026
179 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
28 Шілде 2026
268 0

Кіру

Пікір үстеу