ҮНДЕУ «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабының тәртібімен
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Соңғы уақытта облыс кәсіпорындарындағы еңбек даулары жиілеп кетті.
Көбінесе олар стихиялық ереуілдерге көшеді.
Әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарды қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы.
Алайда, бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ереуіл заңсыз деп танылады.
Осыған байланысты, ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) реттелетінін түсіндіреміз.
Осылайша, жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде қызметкерлердің қойған талаптарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті.
Оларды шешу мүмкін болмаған кезде өз шешімдері мен ұсыныстарын (жазбаша түрде) қызметкерлерге жеткізу (кодекстің 163-бабының 2-бөлігі).
Бұдан әрі дау татуластыру комиссиясында (жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде) шешілуге тиіс.
Бұл тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган.
Татуластыру комиссиясы дауды шешу процесінде қызметкерлермен, жұмыс берушімен және басқа да адамдармен консультация жүргізеді.
Комиссияның шешімі тараптардың келісімі негізінде қабылданады, хаттамамен ресімделеді және тараптар үшін міндетті күші болады.
Татуластыру комиссиясының мүшелері келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.
Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес екенін атап өтеміз.
Татуластыру комиссиясында келісімге қол жеткізілмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал тараптар дауды шешу үшін әкімдік өкілдерін (мемлекеттік еңбек инспекторын) тарта отырып, еңбек төрелігін құрады (Кодекстің 165-бабының 6-бөлігі).
Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның құрамы және еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады (бұл ретте еңбек төрелігі кемінде бес адам болуға тиіс).
Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды.
Еңбек төрелігінің шешімі жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және орындау үшін міндетті болып табылады.
Төрелік реттемеген мәселелер бойынша соттарға жүгіну қажет.
Бұл ретте жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша тиісті рәсімді сақтамай ереуіл өткізу тек сотпен заңсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл жағдайда сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлегені және шақырғаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚК 157 және 402-баптары).
Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз ереуілдерге қатыспауға шақырамыз.
Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.
Батыс Қазақстан облысының
прокуроры Ж. Өмірәлиев
Соңғы жаңалықтар
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу