8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2018 2817 0
Қалалықтар қаперіне

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА «ФЛИППЕР» ОРНАТУ КЕРЕК

Биылғы жылы облыс аумағында малдың қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан екі адам көз жұмып, сегіз адам әр түрлі жарақат алған.

Көлік иелері Батыс Қазақстан облысынының жол өткелдерінде үй жануарларының жиі кездесетінін айтуда. Көп жағдайда көлік жүргізушілері қараңғыда бақташысыз, еркін жайылып, жолдан өтіп бара жатқан малдарға соғылатын көрінеді. Мұның басты себебі мал иелерінің бейқамдығы. Еркін жайылымдағы мал жол-көлік оқиғасының туындауына себеп болып отыр.

Жол бойында үй жануарларының қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жануарларға «флиппер» жарық шағылдырғышын орнатып қою керек. Ол қараңғы кезде малды көруге мүмкіндік береді. Әрі жол бойындағы апатты азайтуға ықпал етеді.

«Флиппер» жарық шағылдырғышын малдың мойнына немесе құйрығына тағып қоюға болады.

БҚО ПБ жергілікті полиция қызметі басқармасы облыс тұрғындарын мал жайылымын тиісті деңгейде ұйымдастыруға және жануарларға жарық шағылдырғышын орнатуға шақырады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»