Қазақстаннан гуманитарлық көмек жіберілді
Қазақстан халқы Украинаға гуманитарлық қолдау көрсетуін жалғастыруда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласынан кезекті жүк жөнелтілді. Бұл қазақстандықтардың Украинаға гуманитарлық көмек салып жіберген сегізінші көлігі болатын . Бұл жолы жүк көлігі жербетілік жолмен 20 тонна көмек жеткізілді. Олардың ішінде жеке гигиена заттары мен азық-түлік, консервілер, макарон, қойытылған сүт, кептірілген жемістер және де тұрғындардан гуманитарлық көмек көрсетілді. Сонымен қатар осы гуманитарлық жүктің бір бөлігін жинауға “Позитив Үміт” қайырымдылық қоры көмектесті. Осы жөнелтілумен қоса санағанда, қазақстандықтар барлығы Украинаға 200 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап, жөнелтті.
Петр Врублевский, Украинаның Қазақстандағы елшісі:
- Сегіз жүк көлігінің бесеуі Украинаға келді. Гуманитарлық көмек мұқтаж аймақтарға таратылды. Екі жүк көлігі әлі жолда, ал сегізінші жүк көлігі бүгін жіберілді. Біз үшін кез келген қолдау маңызды. Бізге бүкіл әлем, соның ішінде қазақстандықтар да көмектесіп жатыр.
Сондай-ақ Украинаға Қазақстан халқынан 8 әуерейс, ҚР үкіметінен 3 рейс гуманитарлық көмек жіберілді. Қазіргі таңда Қазақстанның 11 өңірінде гуманитарлық көмек қабылдау пункті Қарағанды, Орал, Семей, Өскемен, Ақтау, Түркістан, Атырау, Екібастұз, Ақтөбе, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында бар.
Украинаның гуманитарлық қолдау Штабында қазірдің өзінде 670-ке жуық ерікті жұмыс істейді. Олардың 120-сы жүйелі негізде. Негізгі қызмет – гуманитарлық көмек қабылдау, сұрыптау, тиеу және жөнелту, одан бөлек Штабта ақпараттық қызмет, фандрайзинг қызметі және ивенттер қызметі жұмыс істейді.
Қосымша сұрақтар бойынша, сондай-ақ штабтың жұмысы мен гуманитарлық көмек жинау туралы БАҚ-қа сұхбат пен басқа да материалдарды ұйымдастыру бойынша +77018712626 нөміріне хабарласыңыз. (Екатерина Мостовая, Украинаның гуманитарлық қолдау Штабының PR-еріктісі).
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу