8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2022 1747 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН СЫЙЛЫҚТЫ САТЫП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері сыйлықты ақшасын төлеп, өздеріне қалдыра алады.
Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында Үкіметтің 2022 жылғы 11 сәуіріндегі қаулысы шықты. 2002 жылдың 26 шілдесіндегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселесі» бойынша өзгерістер енгізілді.
Бұл бөлімде мемлекеттік қызметшілерге бір рет берілген сыйлықтар кіреді. Енді оларды сатып алу-сату шарты бойынша сатып алуға болады, алайда басшылықтың мақұлдауы қажет. Сыйлықтың құны “Қазақстандағы бағалау қызметі туралы” заңымен белгіленеді.
«Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жасалады. Ол уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады», – делінген қаулыда.
Сыйлықты толық төлегеннен кейін және қабылдау-тапсыру актісі бойынша ғана алуға болады.
Қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов 2022 жылғы 11 сәуірде қол қойды. Ол күшіне еніп қойды.
Айта кетері, бұған дейін қазақстандық шенеуніктерге кез келген сыйлықты қабылдауға заң жүзінде тыйым салынған болатын.
https://sputnik.kz/20220417/qazaqstan-sheneunikter-syylyq-24260349.html
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
90 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»