8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2022 1801 0
Қалалықтар қаперіне

Білім және ғылым министрлігі балабақшаларға қойылатын талапты күшейтпек

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова сенат кулуарында елордадағы инклюзивті балабақшадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады.

Шолпан Каринованың сөзінше, қазір аталмыш балабақшада тексеріс жүріп жатыр. «Тексеріс аяқталған соң тиісті шаралар қабылданатын болады. Білім және ғылым министрлігі мұның өте қиын жағдай екенін мойындайды. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс, сондықтан біз қазір балабақшаларға қойылатын талапты күшейту бойынша шараларды қарастырып жатырмыз», – дейді вице-министр. Осы ретте ол балабақшаларға да, тәрбиешілерге де талапты қатаңдату жоспарланып отырғанын жасырмады. «Балабақшаларға тексеріс жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Бәлкім, балабақшаларды лицензиялауды қайтару қажет болатын шығар. Қазір бұл нормаларды қарастырып жатырмыз», – дейді Шолпан Каринова. Еске сала кетсек, бұған дейін елордада балабақшада болған жағдайдың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырған еді. Кадрларда мекеме қызметкерлерінің балаларды қалай ұрғаны бейнеленген. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») сотқа дейінгі тергеуді басталған болатын.

KAZ.NUR.KZ 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
304 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»