«Ең болмаса тамақпен қамтуға болады»: Депутат азық-түліктің қымбаттауына байланысты үкіметті сынады
Депутат Еділ Жаңбыршин журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта елдегі қымбатшылықты шешуде үкіметтің жұмысына төмен баға берген. Оның сөзінше, статистикалық мәлімет те нарықтағы жағдайды дәл көрсетіп отырған жоқ. «Жұмыстарында жүйе жоқ, статистикалық мәліметтерге де күмәнім бар. Статистикада 15 пайыз делінсе, дүкендерге барсаңыз баға 50 пайызға, тіпті екі есеге өсіп кеткен. Бірінші сол статистиканы жөндеу керек. Ол мүмкіндігінше нақты, нарықтағы бағаны дәл беруі керек. Екінші мәселе – үкіметте жүйелі жоспар, нақты жұмыс болуы керек, мысалы халықтың тұтыну нормалары, стандарттары белгілі ғой. Адам қанша мөлшерде қандай тамақ тұтынатыны туралы үкіметте мәлімет бар. Мысалы, бізде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар. Қазақстан оның көбін өзі шығарады. Қайдан, кім өндіретіні, қай облыста қанша адам тұратыны белгілі, соның санын шығарып, оның тұтыну көлемін біліп, солардың бәрін бір-бірімен байланыстырып, келісімшарт жасап, жүйелі-жоспарлы түрде жұмыс істеуі қажет. Ай сайын керекті 10-15 вагонын жіберіп тұруға болады ғой. Бізде бәрін жасауға болады. 19 миллион халық деген кейбір қалалардың халқының саны. Мысалы Шанхайда, Мәскеуде, Стамбұлда 20 млн халық тұрады. Бір Қазақстанның 19 миллион халқын ең болмаса тамақпен қамтуға болады ғой», – дейді депутат. Еділ Жаңбыршиннің пікірінше, егер үкімет бұл мәселені қолға алып, бір апта бас қатыратын болса, шешуге болады. Алайда депутат оған кедергі болып тұрған екі нәрсе бар дейді. «Қолдарында бүкіл материал бар. Білмеймін, әлде олар маман емес, бұл затты түсінбейді, немесе оған бас қатырғысы келмейді, қызықпайды. Үкімет «облыс әкімдері айналыссын, бағаны солар ұстауы керек, солар жауапты» дейді. Мысалы, Маңғыстау мен Атырауда картоп, жуа өспейді. Әкім бағаны қалай ұстайды?! Ол барып, кәсіпкерді қысады. Бұлай жұмыс жүре ме? Өнім болатын болса ешкім ажиотаж жасамайды. Үкіметтегілер бағаны таза әміршілік-әкімшілік әдіспен ұстағылары келеді. Сондықтан бұл жұмыстың бәрін түбегейлі өзгерту керек. Бұрынғы 30 жыл бойғы қалыптасқан әдіспен жұмыс жасаудың уақыты өтті. Егер президент айтқан Жаңа Қазақстанды жасаймыз десек, бізге өз аяғымен барып көріп, ұстап, тап-тұйнақтай жасайтын үкімет керек», – дейді Жаңбыршин. Мәжіліс депутаты еліміздегі диірмендердің жағдайы туралы да пікір білдірді. «Бұл нонсенс, сөзім жоқ. Егер Қазақстанда астық егіп отырып, біздің диірмендерді қамтамасыз ете алмасақ, біздің диірмендер ұн өндіріп, халыққа бере алмаса бұл – үлкен жүйелі қате. Бұл дегеніміз сол саланың басшысы жұмысты ұйымдастыра алмай отыр деген сөз», – деді ол.
KAZ.NUR.KZ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу