8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Сәуір 2022 1620 0
Қалалықтар қаперіне

Қоғамдық көліктерді тексерді

Бүгін таңертең,  жұмыс уақытына дейін қала әкімі Абат Шыныбеков Оралдағы бірнеше қоғамдық көліктерге отырып, жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын тексеру жұмыстарын бақылады.   

Айта кетейік, тұрғындар тарапынан №2, 5, 6, 7, 33 маршруттарға шағымдар жиі түседі. Шаһар басшысы алдымен осы аталған маршруттардың қызметін қадағалады.    Жолаушы тасымалдайтын автобустардың санитарлық тазалығы сын көтермейді. Автобустарда әр аялдаманы хабарлау, жүргізушілердің көлікті айдау мәдениетінде олқылықтар көп. Тұрғындар тарапынан былтыр енгізілген жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жұмысына қатысты сын-ескертпелер жиіледі. Шаһар басшысы маршруттарды тексеру барысында кейбір автобустарда QR-кодтың болмауы, планшеттердің дұрыс жасамауы сияқты кемшіліктерді анықтады. Қызмет көрсетуші «Smart Qala» ЖШС-ның электрондық жүйе туралы тұрғындар арасында  хабарландырулар мен жарнамаларды тиісті деңгейде жүргізбейтінін атап өтті. Бұл жағдайлардың барлығы жолаушы тасымалдау сервисінің төмендеуіне, тиісінше тұрғындар тарапынан шағымдардың көбеюіне әкелуде.

Былтыр қалалық жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарға 2 миллиардтан астам субсидия төленді. Биыл аталған кәсіпорындарға 414 миллион субсидия берілді, алдағы мәслихат сессияларында тағы да қосымша қаражат қарастырылу жоспарлануда. Осы берілген субсидиялар тарапынан жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар қызмет сапасын жақсарту бағытында жұмыстар атқаруы қажет.

Қоғамдық көліктердегі мұндай рейдтік жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

                                                                                                               Өз тілшіміз

                                                                                                              «Жайық Үні»

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»