БҚО-мен шектесетін Ресей ауылында су бөгеті бұзылды
БҚО-мен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаев ауылында су қоймасындағы бөгет бұзылды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 16.40-та болғаны жөнінде Орынбор облысы бойынша ТЖ министрлігі бас басқармасының дағдарыс жағдайында басқару орталығы хабарлаған.Қоймадағы су көлемі шамамен 8 млн текше метрді құрайды. Шайылған бөгеттің ені – 7-8 метр. Су Елтышевка, одан Жайық өзеніне құйылады. Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының жанымен ағады. Чинарев ауылында 1 мектеп, 1 медпункт, 1 шекара заставасы, 82 үй бар, мал басын есептемегенде, 223 адам тұрады. Елді мекенге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ. Тасқын судың алдын алу бағытында Чинаревқа арнайы техникалар мен құтқарушылар, жауапты адамдар жіберілген. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғындарды көшіру үшін 27 эвакуациялық қосын әзірленгенін жазған болатынбыз.
inform.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу