БҚО-да науқас қыздың ата-анасы басқа балалардың еміне 30 млн теңге аударды
Фатиманың әкесі Қанат Құспан Instagram-дағы парақшасында қызының қазіргі жағдайы жайлы айтты. Сөзінше, Zolgensma препаратын салғаннан кейін, Фатиманың жағдайы күрт нашарлаған.
«Бұл ұшақ бортында болды. Қыздың демікмесі ұстап, тыныс алуы қиындады. Біз қатты қорқып қалдық, ол әлі өз-өзіне келмеді. Фатима ұзақ оңалту курсынан өтуі керек, ол 3-4 жылға созылуы мүмкін. Қызымыз жазылып кетуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Халықтың көмегімен 143 млн теңге жинадық, бұл ақшаны тек оңалту курсына жұмсаймыз», – деді Фатиманың әкесі.
Осы жағдайды ескере келе, Фатиманың ата-анасы жиналған сомманың бір бөлігін арқа бұлшықет атрофиясымен ауыратын өзге балаларға беруді жөн деп тапты. Олар: тараздық Нұрәли Азамат, қарағандылық Айкүміс Сәрсен мен алматылық Рамир Ковалевский.
Айта кетейік, Фатиманың ата-анасы жарты жыл бойы халықтан қыздың еміне деп ақша жинады. Сәуірдің үші күні бүлдіршін құны 1 млрд теңге тұратын Zolgensma препаратын салдырды. Екпені «Қазақстан халқына» қоры алып берді.
Stan.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу