8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2018 2434 0
Өзек

115 АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІ ТЕЛЕФОН ҚОЛДАНҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

3 желтоқсаннан бастап Батыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Мақсат – автокөлік жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер арасындағы тәртіпті көтеру және әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу.

Жедел алдын алу шарасының алғашқы төрт күні ішінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе тексеру шаралары ұйымдастырылған.  Нәтижесінде қоғамдық көлік және такси жүргізушілеріне қатысты 400 әкімшілік хаттама толтырылған.

БҚО ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдамдықты асырғандары үшін 68, маневр ережесін бұзған 133, рөлді басқару кезінде телефон қолданғандары үшін 115, ТҚҚ-дан өтпегені үшін 43 және басқа да себептермен 71 жүргізушіге әкімшілік хаттама жазылған.

Сондай-ақ автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Автобус» жедел алдын алу шарасы 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»