8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2022 1297 0
Қоғам

БҮГІН – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

10 қаңтар – Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні.

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсірді.

Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Кейінгі күндері болған қақтығыстар кезінде қайтыс болған азаматтардың туған-туысқандары мен отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтқан болатын.

«Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын», – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатыны айтты. «Біздің тарихымыздағы осы бір қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек. Мен құрған ведомствоаралық топ содырлар мен лаңкестерді іздеумен және оларды ұстаумен айналысады. Олардың бәрі қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп азаматтарымызға уәде беремін. Барша қазақстандықтан өтінерім, сақтық танытып, барынша қырағы болыңыздар. Күмәнді адамдардың қандай да бір күдік тудыратын белсенді әрекетін байқасаңыз, құқық қорғау органдары мен жедел желілерге хабарлаңыздар», – деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеруге Қазақстанның өзге өңірлері де қосылып, оның арты содырлардың ылаңына ұласқан болатын. Жағдай ушыққандықтан 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Кейін Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді.

7 қаңтар күні ҚР Президентінің келісімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жарияланды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің соңғы дерегі бойынша Алматыдағы оқиғаларға байланысты сотқа дейінгі 125 тергеу басталған. Бұл істер кісі өлтіру, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасау, қарулы шабуыл, бұзақылық және ұрлық фактілері бойынша қозғалған. ҚР Ішкі істер министрлігі бүлікшілермен қақтығыста қаза тапқан полицейлердің тізімін жариялады.

Өз міндетін адал атқарғандар: Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы; Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы; Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы; Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы; Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті де қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің тізімін жариялады. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы оқиғалар салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», – делінген комитет хабарламасында.

Қаза тапқан қызметкерлердің тізімі:

1. ҚР ҰҚК Шекара академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдинов;

2. Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Дастан Әділбай;

3. ҚР ҰҚК Шекара академиясының аға офицері Жандос Жағалбаев; 4. ӘҚББ кіші жедел уәкілі Әділ Нүркенов;

5. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Жайық Әділқан;

6. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітім;

7. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Дәулет Жұпарбеков. ҚР Ішкі істер министрлігінің соңғы дерегі бойынша Алматыдағы оқиғаларға байланысты 125 сотқа дейінгі тергеу басталған. «Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды», – деді министрдің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.

https://www.inform.kz/kz/bugin-zhalpyulttyk-aza-tutu-kuni_a3882916

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
71 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
143 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
372 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
855 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1139 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1592 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2208 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2372 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2380 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2431 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2435 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2915 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2969 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2963 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3544 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3535 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3671 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»