500 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТАЛАР АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2018 жылғы 5 желтоқсанда күмістен жасалған 500 теңгелік коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада «С.Айтбаев «Бақыт» монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясын жалғастыратыны жазылған.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі орналасқан. Логотиптің сол жағында «С.АЙТБАЕВ», оң жағында «БАҚЫТ» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Сол жағында соғылған жылын білдіретін «2018» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925» және «31,1 g» деген жазбалар бар.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) «Бақыт» картинасының миниатюрасы бейнеленген, оның авторы – Қазақстанның суретшісі және Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Салихитдин Айтбаев.
Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.
Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Дереккөз: 24kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу