БОКС: ОРАЛДА ЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Теннис орталығында бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетіп, барлық салмақ дәрежелері бойынша үздік шыққандар анықталды.
Соңғы бәсекелер барынша тартысты өтті.
Ақмола облысының өкілі Оразбек Асылқұлов 57 кг салмақта қостанайлық Айдос Араповты 3:2 есебімен ұтып, чемпион атанды.
60 кг салмақта қарағандылық Василий Самчук шығысқазақстандық Әділет Құрметовтен айласын асырды.
Ал 63,5 кг салмақта алматылық Ділмұрат Міжітовтің мерейі үстем болды. Ол тартысты жекпе-жекте шымкенттік Абзал Серікті жеңді – 3:2.
Осы екі салмақта биылғы әлем чемпионатына қатысқан маңғыстаулықтар Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар жартылай финалдан аса алмай, қола жүлдені қанағат тұтты.
67 кг салмақта жамбылдық Дулат Бекбауов Алматы облысынан келген Дархан Дүйсебайдан басым екендігін көрсетті – 5:0.
71 кг салмақта шығысқазақстандық Ермахан Жакпековтің бағы жанды. Ол финалда павлодарлық Қуан Қуатовты қапы қалдырды – 4:1.
75 кг салмақта биылғы әлем чемпионатында ел намысын қорғаған атыраулық Нұрқанат Райыс қатты қарсылық көрсеткен павлодарлық Аятулла Тәкіжановты жеңді – 3:2.
80 кг салмақта 2021 жылғы әлем біріншілігінде бақ сынаған елордалық Нұрбек Оралбай ақтөбелік Жәнібек Қартбаевтың осал жерін тапты – 5:0.
86 кг салмақта түркістандық Сағындық Тоғамбай алматылық Мәди Әміровті бәсеке соңында нокдаунға жіберді – 5:0.
92 кг салмақта тағы бір елордалық, биылғы әлем біріншілігінде рингке шыққан Айбек Оралбай мен әскерилер арасында әлем чемпионы, түркістандық Абзал Құттыбеков қолғап түйістірді. Жеңіс А.Оралбайға берілді – 4:1.
Аса ауыр салмақта 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысушы, түркістандық Нұрлан Сапарбай мен атыраулық, 19 жастағы Аманат Сабырғали соңғы бәсекеге шықты. Мұнда Н.Сапарбайдың мерейі үстем болды – 5:0.
Осылайша Оралда ерлер арасында ел чемпионаты аяқталды. Биылғы біріншілікте бірқатар жастар да жарқырай көрінді. Әсіресе, 48 кг салмақта топ жарған 18 жастағы Санжар Тәшкенбайды ерекше атауға болады.
Соңғы жаңалықтар
Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов о новой Конституции
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті

Кіру
Пікір үстеу