БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» №46 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы egemen.kz жазды.
Аталған өзгертулерге сәйкес, «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасымен екпе жүргізуге қатысты әдістемелік ұсынымдар дайындалды.
Атап айтқанда, бұл вакцинамен КВИ-ге қарсы вакцинациялауға 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін); лактация кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін) жатады.
Сонымен қатар 12-ден 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер де КВИ-ге қарсы вакцинацияланады. Егу пункті жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағымын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады. Егу кабинетінде егілетін адамдардың және медициналық бақылаудағы адамдардың жиналуына жол берілмейді. Бір мезгілде вакцинациялауға 3 адамнан асырмай шақыра отырып, егу кабинетінің алдында халықтың көп жиналуын болдырмай жеке вакцинация жүргізу ұйымдастырылады.
Жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялар, жедел қызба жағдайлары кезінде, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар кезінде вакцинация жүргізілмейді. Егер жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алса, онда вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен кейін енгізіледі.
Екі егудің арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптадан аспайды. Егер екі дозада абайсызда КВИ-ге қарсы вакциналардың әртүрлі типтері енгізілсе, онда пайдаланылған вакциналардың кез келгеніне қосымша дозаларды енгізу ұсынылмайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу