2019 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?
2019 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады.

Қазақстандықтар ең көп демалатын күндер наурыз айында – 14 күн, ал мамыр мен желтоқсанда 12 күннен демалатын болады. Қаңтарда ел тұрғындары – 11 күн, маусым мен тамызда – 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада – 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда – 8 күннен демалады. ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер мына күндерi атап өтiлетiн мерекелер:
Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;
Халықаралық әйелдер күнi – 8 наурыз;
Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi – 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр; Жеңiс күнi – 9 мамыр;
Астана күні – 6 шілде;
Қазақстан Республикасы Конституция күні – 30 тамыз;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан;
ұлттық мереке: Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан.
Қазақстан Республикасында мереке күндері халық демалады. Мереке күндері демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) түссе, мерекелік демалыс ауыстырылады. Осылайша, 2019 жылы бескүндік жұмыс аптасындағы демалыс күндері: 23 наурыздан 25 наурызға; 6 шілдеден 8 шілдеге; 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға; алтыкүндік жұмыс аптасында: 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға ауыстырылады. Бұдан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады. 2019 жылы Құрбан айттың бірінші күні 11 тамыз күні атап өтіледі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу